КаР-Тел ЖШС Компаниясы (бұдан әрі — компания) өз дербес деректеріңізді бере отырып, бізге сенім білдіретіңізді бағалайды және осы деректерді қорғау үшін ол техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық сипаттағы қажетті барлық шара жасайды. Біз қандай дербес деректерді жинайтынымызды және оларды қалай өңдеп, қорғайтынымызды білу үшін осы Құпия саясатын мұқият оқып шығуыңызды сұрамыз.
Компания туралы ақпарат
«КаР-Тел» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 980540000397, мекен-жайы Қазақстан Республикасы, Астана, Алматы ауданы, Қ. Жалайыри көшесі, 2-үй, телефоны: 8(727)350 06 06, компания сайты: www.beeline.kz
Жалпы ережелер
Біз Құпиялық саясатын (бұдан әрі — Саясат) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірледік.
Саясатта біз келісім алу тәсілдерін, жиналатын дербес деректердің тізбесін, оларды жинау және өңдеу мақсаттарын, компания мен абоненттердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ сіздің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өзіміз жасайтын іс-шаралардың тізбесін ашып көрсетеміз.
Саясат абоненттердің дербес деректерін жинау мен өңдеу бойынша компания қызметінің негіздерін декларациялайтын жалпыға қолжетімді құжат болып табылады. Саясатты қызмет көрсету және сату кеңселерінде және де компания сайтында оқып шығуға болады.
Өзіңіз ұсынатын дербес деректер құпиялы ақпарат болып табылады. Сіздің деректеріңізді қорғау бойынша біз ішкі ережелер әзірлеп, оларды үнемі өзектілеп тұрамыз және қызметкерлеріміздің осы ережелерді тиісті түрде орындауын бақылаймыз. Компаниядағы әр қызметкер құпиялы ақпаратты таратпау туралы міндеттемесіне қол қояды, бұл ақпарат оған өзінің қызметтік міндеттемелерін атқару үшін қажет.
Осы Саясат біздің байланыс желілерімізді пайдалану арқылы өзіңіз үшінші тұлғалардың ақпараттық ресурстарына беретін ақпаратқа таралмайды. Үшінші тұлғалардың ақпараттық ресурстарында дербес деректерді қорғау жөнінде жеке саясаты болуы мүмкін. Үшінші тұлғалар компанияның қызметтерін пайдалана отырып жіберген қажет емес қысқа мәтіндік немесе өзге хабарламаларының абонентке келіп түскені үшін компания жауапкершілік көтермейді. Үшінші тұлғалардың ақпараттық ресурстарын қолдана бастау және оларға дербес деректерді бермес бұрын біз осы ресурстардың құпиялық саясатын мұқият зерттеп алуыңызды және өз дербес деректеріңіздің таралуына аса жоғары сақтықпен қарауыңызға кеңес береміз.
Дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісім алу
Біз сіздің қолжеткізілуі шектелген дербес деректеріңізді өзіңіздің келісіміңізбен ғана жинап, өңдейміз. Тіркеу формасына қол қою арқылы өзіңізді Жария шартына қосу немесе келісім формасына өзіңіз бөлек қол қоюыңыз арқылы сіздің келісіміңізді аламыз. Сондай-ақ келісім компания сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе электрондық құжат не болмаса электрондық хабарлама көмегімен берілуі мүмкін.
Жиналатын дербес деректер тізбесі
Осы Саясат Жария шартына қосылған кезде өзіңіз ұсынатын, біздің анықтама қызметіне жүгінген кезде кезде берілетін, компания сайтындағы жеке кабинетте толтырылатын және компания қызмет көрсеткен кезде алатын дербес деректерге таралады.
Ұялы байланыс қызметтерін, соның ішінде дауыстық байланыс, төтенше қызметін шақыру және СМС беру қызметін көрсету үшін компания жинайтын дербес деректердің тізбесін сіз компания сайтынан оқып біле аласыз.
Ұялы байланыстың негізгі қызметтерін көрсету үшін жиналатын дербес деректердің тізбесі ұялы байланыс қызметін көрсету шартын жасау үшін минималды қажетті болып табылады және абоненттің осы деректерді міндетті түрде ұсынуына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған.
Сіз компаниядан қолда бар дербес деректердің тізбесінен тұратын ақпаратқа, дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттарына, көздеріне, тәсілдеріне және оларды өңдеу мен сақтау мерзімдеріне сұрату жасай аласыз. Сұрату жазбаша өтінім беру арқылы жүзеге асырылады. Біздің қолымыздағы сіздің дербес деректеріңізді өзгерту немесе толықтыру өзіңіздің жазбаша өтінішіңіз және өз деректеріңіздің өзгеруін растайтын құжаттарды беруіңіз бойынша жүргізіледі.
Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттары
Дербес деректерді біз өз қызметтерімізді, серіктестеріміздің қызметтерін немесе конвергентті қызметтерін көрсету, ұсынылатын қызметтердің және қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, маркетинг белсенділіктерін өткізу, жаңа өнімдер мен қызметтер әзірлеу және ұсыну, ұсынылатын қызметтердегі шарттардың және қызмет көрсету тәртібінің өзгеруі туралы абоненттерді ақпараттандыру, компания қызметтерін пайдалануға байланысты абоненттер мен компанияларды алаяқтық іс-әрекеттерінен қорғау, мемлекеттік органдарына фискалдық есептілігін ұсыну, сондай-ақ абоненттерді конкурстар мен жарнама кампанияларына қатыстыру мақсатында жинап, өңдейміз.
Абоненттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге берген келісімді кері алуы
Компанияға дербес деректерді жинау мен өңдеуге берген өз келісіміңізді кері алуыңызға болады. Алайда сізге негізгі қызмет түрлерін, соның ішінде дауыстық байланыс, төтенше қызметін шақыру және СМС беру қызметтерін көрсету үшін бізге сіздің дербес деректеріңіз қажет болатынын ескеру керек. Бұл жағдайда өз келісіміңізді кері алу компанияның және оның серіктестерінің кез-келген қызмет түрін көрсетуді тоқтатуға алып келеді.
Келісімді кері алу үшін сізге компанияның сату және қызмет көрсету бөлімдеріне жүгініп, жазбаша өтініш беру қажет. Өтінішке жеке куәліктің көшірмесін қоса тіркеңіз.
Дербес деректерді жинау мен өңдеуге берілген келісімді сіздің компания алдындағы міндеттемелеріңізді несесе өзге заңнамалық шектеулерді орындамаған жағдайда кері алу мүмкін болмайды.
Келісімді кері алу абонент туралы қызметтік ақпараттан тұратын дербес деректерге таралмайды, осы ақпаратты жинау және сақтау шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында регламенттелген.
Қосымша қызмет түрін көрсету үшін бізге қажет дербес деректерді жинау мен өңдеуге берген өз келісіміңізді кері алуыңызға болады. Бұл жағдайда кері алынатын дербес деректерге байланысты қызметтер ғана өшіріледі.
Қосымша қызметтерді қайта қосу компанияның сату және қызмет көрсету кеңселерінде жазбаша өтініш беруді талап етуі мүмкін.
Дербес деректерді сақтау мерзімдері
Сіздің дербес деректеріңізді жинау мен өңдеу мақсатына жету үшін біз осы деректерді компанияға қажет уақыт ішінде сақтаймыз, бұған сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасында регламенттелген абонент туралы қызметтік ақпарат кірмейді.
Дербес деректерді қорғау бойынша компанияның шаралары
Сіздің дербес деректеріңізге қолжеткізу өздерінің функционалдық міндеттерін орындау үшін осы деректер қажет болатын компания қызметкерлеріне ғана беріледі.
Барлық қызметкеріміз құпиялы ақпаратты таратпау туралы міндеттемесіне қол қояды, сондай-ақ олар абоненттердің дербес деректерін қорғау бойынша талаптарын бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік жөнінде ескертілді.
Сіздің дербес деректеріңіз ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін біздің электрондық базамызда сақталады.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру
Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсатын жүзеге асыру үшін біз сіздің дербес деректеріңізді серіктестерімізге беруіміз мүмкін. Дербес деректерді серіктестерге беру берілетін дербес деректердердің заңдылығы мен құпиялығы қағидаларына негізделеді. Абоненттердің дербес деректерін және өзге құпиялы ақпаратты таратпау туралы әр серіктеспен шарт жасалады. Серіктеспен жасалатын шартында біз абоненттердің келісімінсіз олардың дербес деректерінің таралуына жол бермеу талабын немесе өзге заңнамалық негіздің болуын қарастырамыз.
Дербес деректерді кеңейту және профильдеу
Өзіңізден қосымша ақпарат сұрау немесе мысалға, әлеуметтік желілердегі жалпыға қолжетімді аккаунттардағы ашық дереккөздерінен ақпарат алу арқылы біз сіздің дербес деректеріңізді толықтыруымыз немесе нақтылауымыз мүмкін.
Дербес деректерді кеңейту және профильдеу осы Саясатта көрсетілген оларды жинау мен өңдеу мақсаттарында ғана жүргізіледі және бұл сіз үшін қызықты әрі тиімді ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Саясатты өзгерту
Компания осы Саясатқа өзгертулер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Саясаттың жаңа редакциясында өзгедей қарастырылмаса, Саясаттың жаңа редакциясы оны компания сайтында орналастырған сәттен бастап өз күшіне енеді.