Кіру

Құрметті Пайдаланушы! «FunTone» және «Менің FunTone-ым» Қызметтерін пайдаланбастан бұрын, осы Келісімде берілген мұндай қызметті пайдалану шарттарымен мұқият танысуыңызды сұраймыз. Қызметті қосу, сатып алу немесе әуендерге жазылу немесе «FunTone» және «Менің FunTone-ым» Қызметтерін басқаша пайдалануды бастау осы Келісімді тиісінше жасасу мен Сіздің келісімнің барлық шарттарымен толық келісетіндігіңізді білдіреді.

 

«FUNTONE» және «МЕНІҢ FunTone-ым» ҚЫЗМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМІ

Алматы қ.

1. Терминдер мен анықтамалар.

1.1. Оператор  – «Beeline» Сауда белгісімен Қызмет көрсететін байланыс Операторы («КаР-Тел» ЖШС).

 

1.2. Абонент («Beeline абоненті»)  – «Beeline» ұялы қызметтерін көрсету туралы шартын (ары қарай – «Абоненттік шарт») жасасқан және Оператор көрсететін қызметтердің пайдаланушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға. Абонент абоненттік нөміріне сай сәйкестендіріледі.

 

1.3. Дербес шот  – Оператор көрсеткен Қызметтер көлемін, Абоненттік шарт бойынша Оператор Қызметтерін төлеу есебіне енгізілген ақшалай қаражаттың түсуін және оның жұмсалуын есепке алуға пайдаланылатын АЕЖ-дағы электрондық шот.

 

1.4. ЕАЖ – Абоненттен Оператор Қызметтерін төлеуге арналған төлемдердің түсуі бойынша операциялардың және Абонент қолданған ақша бірлігіндегі Оператор Қызметтерінің көлемін есепке алуға арналған Оператордың автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі.

 

1.5. Оператор қызметтері  – Оператордың Абонентке көрсететін ұялы радиотелефон байланысы, жергілікті/қалааралық телефон байланысты, интернет желісіне қол жеткізу бойынша қызметтер, телематикалық қызметтер және/немесе басқа қызметтермен технологиялық тұрғыда түйіндес қызметтері («Байланыс қызметтері»).

 

1.6. «FunTone» қызметі  – Оператордың техникалық құралдарының көмегімен Абонент кез-келген үшінші тұлғаларға қоңырау шалу кезінде шақырудың сигналы ретінде Оператордың қоңырау шалу (дабыл) кезіндегі стандартты сигналын дыбыс контентімен (әуендер, қызықты әзілдер және т.б.) ары қарай орындалу мақсатында ауыстыру.

 

1.7. Қызмет  – «FunTone» және «My FunTone» қызметтерінің кез келгені.

 

1.8. Қызметтер  – «FunTone» және «My FunTone» қызметі.

 

1.9. «Менің FunTone-ым» қызметі  – қоңырау соққан кезде, Оператордың техникалық құралдарының көмегімен Абонентпен кез-келген үшінші тұлғалардың қосылуын орнату кезінде шақыру сигналы ретінде ойнатылатын Оператордың стандартты сигналын дыбыс контентімен (әуендер, қызықты әзілдер және т.б.) ары қарай орындалу мақсатында ауыстыру.

 

1.10. Жүйе  – бұл Оператордың аппараттық-бағдарламалық құралдар кешені, ол «FunТone» Қызметінің жұмысын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

 

1.11. Жаңа қолданушы  – соңғы 180 күн (6 ай) ішінде қызметке қосылмаған.

 

1.12. Қызмет Сайты – www.funtone.kz

 

1.13. Жеке Кабинет – Абоненттің Қызметтерді қолдануы туралы деректер және Қызметтер Сайтында Қызметтерді басқаруға арналған интерфейс.

 

1.14. Оператор сайты – www.beeline.kz

 

2. Жалпы ережелер

2.1. Оператор осы көпшілік оферта шарттарында Абоненттермен «FunTone» және «Менің FunTone» қызметтерін қолдану жөнінде осы келісімді жасау туралы ниетін білдіреді.

 

2.2. Осы бұқаралық офертаны қабылдау осы келісімнің 3.2.-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру арқылы офертаны толық және сөзсіз қабылдау болып есептелінеді. Осы офертаны қабылдау көрсетілген шарттарда (ары қарай мәтін бойынша - «Шарттар») «FunTone» және «Менің FunTone-ым» Қызметтерін пайдалану туралы келісімін жасайды.

 

2.3. Шарттарға сай Оператор Абонентке стандартты шақыру дабылын басқа дыбыс контентіне, әуендерге, қызықты әзілдерге және т.б. ауыстыруға мүмкіндік беретін «FunTone» және «Менің FunTone-ым» қызметтері опциясын (ары қарай – Қызмет) көрсетуге міндеттенеді, ал Абонент осы Ережелерге сай көрсетілетін, сонымен бірге Қызмет Сайты мен Оператор Сайтында жарияланған тарифтерге сай қызметті төлеуге міндеттенеді.

 

2.4. Қызметті пайдалана отырып, Абонент осы Шарттарды толығымен сақтауға міндеттенеді.

 

3. Қызметті қосу мен Қызметті көрсету тәртібі. Қызметті өшіру.

3.1. Қызметті қоспастан бұрын Абонент Қызмет Сайтында және Оператор Сайтында жарияланған Қызметтерді көрсету тәртібі жазылған осы Шарттармен танысуға міндеттенеді. Қызметті қоса отырып, Абонент осы Шарттарды қабылдаған болып есептелінеді және оларды толық көлемде сақтауға міндеттенеді.

 

3.2. Қызметті қосу келесі әдістердің бірімен жүзеге асырылады:

 

3.2.1. *110*11# пәрменін теріп, шақыру батырмасын басу. Бұл ретте Абоненттің телефонындағы стандартты дабылы. Абонентке қоңырау шалатын барлық тұлғалар еститін алатын тегін стандартты әуенге автоматты түрде ауыстырылады.

 

3.2.2. 0644 қысқа нөміріне Қызмет Сайтында көрсетілген әуен кодын көрсете отырып, SMS-хабарлама жіберу арқылы. Қызметті қосудың мұндай нұсқасында тапсырыс беру мен  тегін әуенді орнатумен бірге Қызмет автоматты түрде қосылады (егер бұрын мұндай қызмет қосылмаса).

 

3.2.3. Басқа «Beeline» Абонентінде оның дыбыс контентін тыңдау барысында әуенді Көшіру кезінде (Шарттардың 6.1.-тармағы) ұялы құрылғыдан «*» (жұлдызшалар) басу арқылы.

 

3.2.4. Сайтқа телефон нөмірін және парольді енгізу арқылы кірген кезде.

 

3.2.5. Сонымен бірге Абоненттің дыбыс контентіне тапсырыс беруге бағытталған кез-келген келесі іс-әрекеттерін жүзеге асыру кезінде:

  • 0644 қысқа нөміріне қоңыра соғып және автожауапшының нұсқаулығына сай дыбыстық контентке тапсырыс берген жағдайда, 0644 нөміріне қоңырау соғу тегін;
  • www.funtone.kz Қызмет Сайты арқылы дыбыс контентіне тапсырыс беру;
  • Шарттың 3.2.2. және 3.2.3.-тармақтарына сай дыбыс контентіне тапсырыс беру.
  • *544# пәрменін теріп, интерактивті мәзірдің сәйкес амал-шартын таңдағанда.

 

3.2.6. Сөзін жолдаңыз немесе «Менің Билайн-ым» қосымшасы арқылы.

 

3.3. «FunTone» қызметі келесі тәсілдермен қосылады:

 

3.3.1. *110*11# командасын теріп, қоңырау соғу батырмасын басу арқылы;

 

3.3.2. Сайтқа телефон нөмірін және парольді енгізу арқылы кірген кезде;

 

3.3.3. 0644 қысқа нөміріне қоңырау шалу және ары қарайда автоматты түрде жауап қайтарғыштың нұсқаулықтарына сәйкес дыбыстық контенттке тапсырыс беру арқылы, 0644 нөміріне қоңырау шалу тегін;

 

3.4. «Менің FunTone-ым» қызметі келесі тәсілдермен қосылады:

 

3.4.1. *510*11# командасын теріп, қоңырау соғу батырмасын басу арқылы;

 

3.4.2. Сайтқа телефон нөмірін және парольді енгізу арқылы кірген кезде;

 

3.4.3. 0644 қысқа нөміріне қоңырау шалу және ары қарайда автоматты түрде жауап қайтарғыштың нұсқаулықтарына сәйкес дыбыстық контенттке тапсырыс беру арқылы, 0644 нөміріне қоңырау шалу тегін;

 

3.4.4. www.funtone.kz Қызметтер Сайты арқылы дыбыстық контентке тапсырыс беру арқылы;

 

3.4.5. *544# командасын теріп, интерактивтік мәзірдегі тиісті опцияны таңдау арқылы.

 

3.5. FunTone-ым келесі жолдармен өшіріледі:

 

3.5.1. *110*10# пәрменін теріп, шақыру батырмасын басу.

 

3.5.2. *544# пәрменін теріп, интерактивті мәзірдің сәйкес амал-шартын таңдау арқылы.

 

3.5.3. 0644 қысқа нөміріне stop мәтіні жазылған SMS-хабарлама жолдау арқылы.

 

3.6. «Менің FunTone-ым» келесі жолдармен өшіріледі:

 

3.6.1. *510*10# пәрменін теріп, шақыру батырмасын басу.

 

3.6.2. *544# пәрменін теріп, интерактивті мәзірдің сәйкес амал-шартын таңдау арқылы.

 

3.6.3. 0644 қысқа нөміріне stop 0 мәтіні жазылған SMS-хабарлама жолдау арқылы.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Әрекет ету мерзімі шектеулі кейбір әуендер Абоненттің бұрын орнатқан барлық әуендер тізімінде болмауы мүмкін.. Абонент оларды Қызметтер Сайтындағы әуендер каталогынан таба алады.

 

3.7. Қызметтер Сайтында Қызметті қосқан кезде тапсырыс берген дыбыстық құрам сақталатын Абоненттің Жеке кабинет құрылады. Қызметті басқару Қызметтер Сайтындағы Жеке кабинет арқылы басқаруы мүмкін, оған қолжетімділік Абоненттің телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады. Абоненттің мобильді құрылғысына Қызметтер Сайтындағы авторлану коды бар SMS-хабарлама жіберіледі.

 

3.8. Қызметті өшіргеннен кейін, Қызмет сайтында жасалынған Абоненттің Жеке Кабинеті 180 (жүз сексен) күн бойы сақталынады. Қызметті көрсетілген мерзім ішінде жаңадан (қайтадан) қосқан жағдайда, бұрын тапсырыс берілген дыбыс контенті Абонентке осы Шарттарға сай қол жетімді болады.

 

3.9. Абонент стандартты әуеннен ерекше дыбыс контентін келесі тәсілдермен қоса алады. Кез келген әуен немесе көңілді қалжыңдар тегін орнатылады:

 

3.9.1. 0644 қысқа нөміріне әуен кодын көрсете отырып тегін SMS-хабарламасын жіберу арқылы;

 

3.9.2. 0644 қысқа нөміріне қоңырау соғып, автоматты түрде жауап қайтарғыштың нұсқаулықтарына сәйкес әуенге тапсырыс беру арқылы;

 

3.9.3. Авторизациядан өткеннен кейін (SMS-хабарламасында жолданған логин мен парольді енгізу) Қызметтер Сайтында Жеке кабинет арқылы;

 

3.9.4. Әуендерді Көшіруді қолдану арқылы (Шарттың 6-тармағы);

 

3.9.5. *544# командасын теріп, интерактивтік мәзір арқылы дыбыстық контентті таңдаумен.

 

4. Қызмет құны

4.1. «Funtone» және «Менің FunTone» қызметтері жеке қызметтер болып табылады және олар бөлек тарифтелінеді.

 

4.2. «FunTone» Қызметін пайдалану құны тәулігіне 18 (он сегіз) теңгені құрайды. Кез келген әуен немесе көңілді қалжыңдар тегін орнатылады.

 

4.2.1. «FunTone» Қызметін бірінші рет қосқан кезде алғашқы 7 (жеті) күн тегін. Абоненттік төлем бірінші рет тегін кезең аяқталғанда теңгерімнен шегеріледі;

 

4.2.2. «FunTone» Қызметін екінші рет және одан кейін қосқан кезде абоненттік төлем «FunTone» Қызметін қосқан сәтте бірінші рет шегеріледі.

 

4.3. «Менің FunTone» Қызметін қолдану құны тәулігіне 18 (он сегіз) теңгені құрайды. Абоненттік төлемнің бірінші шегерілуі «Менің FunTone» Қызметін қосқан кезде жүргізіледі. Кез келген әуен немесе көңілді қалжыңдар тегін орнатылады.

 

4.4. «FunTone» Қызметінен абоненттік төлемді шегеру басымдығы.

 

4.5. Дыбыстық контентке жазылу құны және тапсырыс берілген дыбыстық контенттің қызмет ету мерзімі, тарификация шарттары Қызметтер Сайтындағы Оператордың ақпараттық материалдарында көрсетіледі. Қызметке тапсырыс берген кезде Абонент Қызметтердің құнымен және оны тарификациялау тәртібімен танысты және олармен келісті деп есептеледі.

 

4.6. Қызметтің 0644 қысқа нөміріне қоңырау соғу айғағы ретінде төлем алынбайды.

 

4.7. Қызметті өшіру командасы бар SMS-хабарламасын жіберу айғағы үшін төлем алынбайды.

 

5. Қызметтің дыбыстық контентіне жазылу

5.1. Қызметті қолдану мерзімі ішінде дыбыстық контентке жазылған кезде тапсырыс берілген дыбыстық контенттің құнына және жазылу мерзіміне (30 (отыз) күнге немесе 1 (бір) жылға) қарай төлем теңгерімнен автоматты түрде алынады. Қызметтің дыбыстық контентіне жазылу құнын төлеу дыбыстық контентті тапсыру құнын Қызметтер Сайтында көрсетілген құнына және ережелеріне сәйкес Абоненттің Дербес шотынан шегеру арқылы жүргізіледі.

 

5.2. Дыбыс контентінің толық құнын шегеру үшін теңгерімде қаражат жеткілікті болмаса, Жүйе 10 (он) теңге мөлшеріндегі төмендетілмейтін қалдықты ескере отырып осы контентті сатып алуға болатын күн санын есептейді. Бұл жағдайда шегеру мөлшері Жүйе есептеген, қолданудың 1 (бір) тәулігіне есептегенде сатып алынатын дыбыстық контенттің құнына көбейтілген күн санына тең. Күн санын және қорытынды шегеру сомасын есептеген кезде алынған мәндер азаю тарапына қарай бүтін санға дейін дөңгелектенеді.

 

5.3. Абонент келесі тәсілдердің көмегімен дыбыстық контентке жазылуды өшіре алады:

 

5.3.1. Қызметтің Жеке кабинетінде. Бұл жағдайда дыбыстық контентке жазялы аяқталған кезде ол автоматты түрде жойылады;

 

5.3.2. 0611 нөмірі бойынша абоненттік қызметке қоңырау шалу арқылы;

 

5.3.3. Абонентті дыбыстық контентке жазылу және оның мерзімінің автоматты түрде ұзартылатыны туралы ақпараттандыратын ақпараттық SMS-хабарламасы келетін нөмірге мәтіні кез-келген жауапты SMS-хабарламасын жіберу арқылы. Ақпараттық SMS-хабарламасы Абонентке дыбыстық контентке жазылу мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) күн ішінде жіберіледі.

 

5.4. Музыкалық арна — кездейсоқ тәртіпте орындалатын әуендер жиынтығы (15-тен аспайды). Оператор арнадағы әуендерді ай сайын жаңартып тұрады. Музыкалық арнаға жазылған кезде Абоненттен Қызметтер Сайтында көрсетілген құнына және ережелеріне сәйкес жазылу үшін төлем ай сайын шегеріледі.

6. Көшірмелеу

6.1. Абонент басқа Абоненттен еститін дыбыстық контентке келесі тәсілдің біреуі арқылы тапсырыс бере алады (көшіреді):

 

6.1.1. Қызмет қосылған және дыбыстық контенті орындалатын «Beeline»-нің өзге Абонентіне қоңырау шалған сәтте өз ұялы құрылғыңыздан «*» (жұлдызшаны) басу арқылы;

 

6.1.2. Қызметтер Сайты арқылы.

 

6.2. «*» (жұлдызшаны) басқаннан кейін Абонент көшіру үшін сұрату жасалатын әуеннің құны бар SMS–хабарламасын (тегін), сондай-ақ әуенді көшіруді растауға сұратуды алады. Әуенді көшіруді растау әуенді көшіруге растау туралы SMS–сұратуын алған сәттен бастап 24 сағат ішінде қолжетімді. Әуенді көшіруді растағаннан кейін Абоненттен әуенге жазылу үшін төлем шегеріледі, 5.1 тармағына қараңыз.

 

6.3. Көшірген кезде Абонентте бірде-бір Қызмет қосылмаған жағдайда:

 

6.3.1. Көшірген кезде «*» (жұлдызшаны) басу арқылы «FunTone» Қызметі автоматты түрде қосылады;

 

6.3.2. Қызметтер Сайты арқылы көшірген кезде Абонент қосылатын қызметті өзі таңдайды.

7. Шектеулер және жауапкершілік

7.1. Өзге абоненттердің шағымдарын туындататын, Абоненттің осы Ережелерді бұзатынын дәлелдейтін Абоненттің кез-келген әрекетіне жол берілмейді.

 

7.2. Абонент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қарама-қайшы келетін қайсыбір іс-әрекет жасау үшін Қызметті пайдаланбауға міндеттенеді. Атап айтқанда, келесі іс-әрекеттерге жол берілмейді:

 

7.2.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында таратылуы тыйым салынған және/немесе шектелген ақпаратты мазмұндайтын дыбыс контентін жазу;

 

7.2.2. Адамның ар-ожданына тіл тигізетін (дөрекі және қорлаушы сөздер мен сөйлемдерден тұратын), зорлық-зомбылықты насихаттайтын, нәсілдік немесе ұлттық өшпенділікке от салатын, сондай-ақ бұзақылық немесе алаяқтық мақсаттарында жазылған дыбыстық контент жазу;

 

7.2.3. Үшінші тұлғалардың заңмен қорғалатын зияткерлік құқықтарын, соның ішінде зияткерлік қызмет нәтижелерінің ерекше құқықтарын бұзатын дыбыстық контент жазу.

 

7.3. Абонент үшінші тұлғалардың оның ресурстарын қара ниетпен қолдануына кедергі келтіретін өз жабдығын күйге келтіру бойынша тиісті шаралар жасауға және де осындай қолдану жағдайлары анықталған кезде жедел түрде әсер етуге міндеттенеді.

 

7.4. Абонент Қызметтегі Жеке кабинетке кірудің өз паролінің сақталуы үшін және өзінің абоненттік жабдығының, абоненттік нөмірінің, Қызметтер Сайтында авторизациялану үшін жеке паролінің заңсыз қолданылуы себебінен туындауы мүмкін шығындар үшін толық жауапкершілік көтеруге міндеттенеді.

 

7.5. Оператор үшінші тұлғалардың Қызметті заңсыз пайдалануы себебінен туындаған шығындар үшін жауапкершілік көтермейді және оның шығындарын өтемейді.

 

7.6. Абонент абоненттік нөмірді және Қызметтер Сайтында авторизациялану үшін және Қызметке тапсырыс беру үшін кіру паролін пайдаланатын үшінші тұлғалардың іс-әрекеттеріне жауапкершілік көтереді.

 

7.7. Қызметті қолдану немесе оны қолданудың мүмкін болмауы нәтижесінде Абонентке келтірілген және Оператордың кінәсінен болмаған қателердің, қалдырып кетулердің, жұмыстағы кідірістердің, функциялардың өзгеруінің, ақаулардың, жұмыстағы кешіктірулердің нәтижесінде болған тікелей немесе жанама шығындар үшін Оператор ешбір жағдайда жауапкершілік көтермейді.

 

7.8. Абонентке үшінші тұлғалардың сәйкестендіру немесе дербес деректерін (аттарын, мекен-жайларын, телефондарын және т.б.) қолдануға тыйым салынады, осы жағдайға аталмыш тұлғалардың Абонентті мұндай қолдануға уәкілетті еткен жағдайлары кірмейді.

 

7.9. Оператор Абонентке Қызмет көрсетуді байланыс қызметтерін тоқтата тұру және қайта бастау туралы Абоненттік шартында қарастырылған шарттарға сәйкес тоқтата тұрады және оны қайта бастайды.

 

7.10. Оператор Абонентке қызмет көрсетуді ескертусіз тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады. Сондай-ақ, Оператордың негізделген пікірі бойынша Абонент Шарттарды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын іс-әрекеттерге тартылған деп есептесе, Оператор Абоненттің Қызметте қолжеткізуін тоқтату құқығын өзіне қалдырады.

8. Өзге жағдайлар

8.1. Осы Шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395 бабының мағынасы бойынша көпшілік оферта болып табылады.

 

8.2. Абоненттің осы Шарттарда тұжырымдалған талаптарға сәйкес келетін тіркеуден және авторизациядан өтуі, Қызметті/дыбыстық контентті қосу үшін осы келісімде қарастырылған әрекеттерді жасауы Абоненттің осы Шарттармен және мұнда мазмұнданатын шектеулермен толық әрі сөзсіз түрде келісуі (акцепт) деп есептеледі және ол осы келісімнің Шарттарына сәйкес Қызмет көрсету туралы Абонент пен Оператор арасында жасалған келісім болып табылады.

 

8.3. Оператор осы Шартқа енгізетін барлық өзгерту Абонентті 15 күн бұрын Абоненттік шартында және осы келісімде анықталған тәртіпте ескерту арқылы жүзеге асырылады.

 

8.4. Оператор осы Шарттың қызмет етуін тоқтатқан жағдайда Шарттар Оператордың сайтында және Қызметтер Сайтында жарияланатын ескертуде көрсетілген сәттен бастап тоқтатылды деп есептеледі.